$ 485.11  523.82  5.02

Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Ол алғашқы айналымда канадалық  Каллум Уильям Нокқа қарсы белдеседі. 

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Албанияда 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы  Ризабек Айтмұханның қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан ертең Албанияның Тиранда қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жарыс жолын бастайды. 97 келі салмақта сынға түсетін балуанымыздың қарсыластары да анықталды. Ол алғашқы айналымда канадалық  Каллум Уильям Нокқа қарсы белдеседі. Егер жеңіске жетсе, екінші айналымда белорусиялық немесе поляк балуанның біреуімен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары