Боксшының келесі қарсыласы кім болмақ?
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы келіссөздер мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
"Ақпан - жекпе-жек үшін тамаша ай. Мен ақпан айында дайын боламын! Бірақ, менімен кім жекпе-жекке шығады деген сұрақ туындайды?!" – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіннде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы келіссөздер мерзімін ұзартқан болатын. Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бөлек, IBF белбеуінің иегері. Оның әлеуетті қарсыласына келетін болсақ, Ширазда WBC Silver және EBU Еуропа чемпион белбеулері, сондай-ақ Бокс кеңесі достастығының титулдары бар.