29 жастағы боксшы қазір Лос-Анджелес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) жаттықтырушысын алмастырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап.
Әли Ахмедов бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Геннадий Головкинді жаттықтырған Джонатан Бэнкспен жекпе-жектерге дайындалатын.
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 20 қыркүйек күні Дублинде (Ирландия) өткізді. Төрешілер шешімі бойынша француз Пьер Юбер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) жеңіп шыққан болатын.
29 жастағы боксшы қазір Лос-Анджелес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр. Онда ол Рикки Фунес есімді маманмен дайындық жұмысын бастаған.