$ 488.45  529.19  5.04

«Алтын доп» жүлдесін неге Винисиус емес, Родри жеңіп алды?

Осыған қатысты France Football журналының бас редакторы Венсан Гарсия пікір білдірді.

Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images
Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

"Алтын доп" жүлдесін табыстауды ұйымдастырған France Football журналының бас редакторы Венсан Гарсия аталған марапат неге Винисиус Жуниорға емес, Родриге берілгенін айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

29 қазанға қараған түні жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп – 2024" жүлдесін табыстау рәсімі өткен еді. Бұл марапатты "Манчестер Сити" мен Испания құрамасының ойыншысы Родри иеленді.

Бірақ көпшілік "Алтын доп" сыйлығына "Реал Мадрид" футболшысы Винисиус Жуниор лайық болғанын айтып жатыр. Осыған қатысты France Football журналының бас редакторы Венсан Гарсия пікір білдірді.

"Әлбетте, Винисиус командаластары Беллингем мен Карвахалдың үздік бестікте болғанынан зардап шекті. Өйткені математикалық тұрғыдан ол бірнеше ұпай жоғалтты. Осы маусымда "Реал Мадридтің" бірнеше футболшысы бірден керемет өнер көрсетті. Ал қазылар алқасы солардың арасында шешімін теңдей бөлді. Бұл Родридің пайдасына шешілді", - деді Гарсия.

Айта кетейік, 2023 жылғы "Алтын доп" жүлдесін аргентиналық футболшы Лионель Месси еншілеген болатын. Осылайша Лионель Месси бұл жүлдені 8 мәрте жеңген жалғыз спортшы ретінде көш бастап келеді. Ал бұдан кейінгі орынға португалиялық футболшы Криштиану Роналду орналасқан. Ол мансабында "Алтын доп" жүлдесін 5 мәрте иеленген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары