$ 495.2  522.34  4.94

Тарихи нәтиже! 17 боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Жартылай финалға Өзбекстаннан 13 боксшы, Қытайдан 10 боксшы жолдама алды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бокстан Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық 17 боксшы жартылай финалға шықты. Бұл қазақ боксындағы тарихи нәтиже, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ширек финалда 18 боксшы жұдырықтасты. Оның 17-і жартылай финалға жолдама алды. Бұл қазақ боксы тарихындағы рекорд. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына кем дегенде 17 медаль түсіп тұр. 

Жартылай финалға Өзбекстаннан 13 боксшы, Қытайдан 10 боксшы жолдама алды.

1/2 финалға шыққан ерлер құрамасы:  

- 48 келі: Диас Берікбай 
- 51 келі: Бексұлтан Боранбек 
- 57 келі: Жансері Көшербаев
- 67 келі: Төрехан Сабырхан 
- 71 келі: Өнер Сейілхан 
- 75 келі: Санжарәлі Бегалиев 
- 92 келі: Расул Асанханов 
+92 келі: Аслан Елдібайұлы 

1/2 финалға шыққан әйелдер құрамасы:  

- 48 келі: Әнел Әбдірасылова 
- 50 келі: Елянур Тұрғанова 
- 52 келі: Багжан Отынбай 
- 60 келі: Толғанай Қасымхан 
- 63 келі: Аружан Жаңабаева 
- 66 келі: Ұлдана Таубай 
- 75 келі: Шұғыла Налібай 
- 81 келі: Аружан Зейноллаева 
+81 келі: Панар Сейтханқызы 

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыға IBA 8 000 АҚШ доллары (3,9 млн теңге) көлемінде сыйақы береді. Күміс жүлдегер – 4 000 доллар (1,9 млн теңге), қола жүлде иесі 2 000 доллар (970 мың) алады. Сондай-ақ ширек финалға дейін жеткендер де 1 000 доллардан (490 мың) иеленетін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары