$ 489.36  533.45  4.99

Қайрат Боранбаев футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі атанды

Жиында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов 2024 жылы федерация атқарған жұмыс жайлы айтты. 

Фото: Forbes.kz
Фото: Forbes.kz

Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің құрамына кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚФФ-тің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Федерацияның Астанада өткен конференциясында ҚФФ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қаржы есебін бекіту және ҚФФ атқарушы комитетінің құрамын өзгерту туралы мәселелер қаралды. Атқарушы комитет мүшелігіне "Қайрат" футбол клубынан Қ.Боранбаев алынды.

Жиында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов 2024 жылы федерация атқарған жұмыс жайлы айтты. 

"Маңызды шешімнің алдында тұрмыз: Қазақстанда толыққанды футбол бизнес-индустриясын құру. Мақсатымыз – кәсіби футболды дамытып қана қоймай, оның айналасында тұрақты бизнес құру. Бүгінде халықаралық практиканы біздің нарыққа ыңғайлап, өз нарығымызды құрып жатырмыз. Бұл білікті футбол мамандарын дайындап, сапалы инфрақұрылым, медиаөнімдер мен трансферлік нарықты дамытуды талап етеді. 

Мемлекет футболдың дамуына белсенді көмектесіп, оның қоғамдағы рөлінің маңызын мойындайды. Бұл ұлттың денсаулығына оң әсер тигізіп, қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Соңғы бір жылда біздің салған инвестициямыздан қоғамдық қайтарым 536 миллион еуроны құрап, 1,8 миллиард еуроға дейін өсу мүмкіндігін береді.

Мемлекет басшысы ел бойынша ірі стадиондарды салуды тапсырды. Осы арқылы инфрақұрылым мәселелері шешіледі. Ал біз өз тарапымыздан 100% дайын болуымыз қажет", - деді Барменқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары