03.11.2024, 00:30

Dala fighting championship: Елорда төрінде кіл мықтылар анықталды

Фото: SN.kz

DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP (DFC) – әлемдік деңгейдегі жауынгерлердің басын біріктіретін және Қазақстанның спорттық ар-намысын қорғау үшін платформа ұсынатын халықаралық турнир.

Бүгін, 2 қарашада Астанадағы Жақсылық Үшкеміров атындағы жекпе-жек сарайында әлемдік деңгейдегі жауынгерлердің басын біріктіретін және Қазақстанның спорттық ар-намысын қорғау үшін платформа ұсынатын халықаралық турнир Dala fighting championship тұңғыш рет жауалын көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP (DFC) – әлемдік деңгейдегі жауынгерлердің басын біріктіретін және Қазақстанның спорттық ар-намысын қорғау үшін платформа ұсынатын халықаралық турнир. Турнирдің негізгі идеясы – кәсіби спорттың биіктеріне жеткеннен кейін өз тамырына адал болып, жауынгерлердің болашақ ұрпағына қолдау көрсететін спортшылардың жүріп өткен жолын көрсету.

«Dala fight championship турнирі алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл халықаралық дәрежедегі турнир. Шараның мақсаты - еліміздегі жас спортшыларды әлемдік аренада таныту, сондай-ақ, елдегі спорттық шараларды кеңінен дәріптеу», - дейді «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің координаторы Мейірболат Тоитов.

DFC – бұл тек жекпе-жектердің сериясы ғана емес, сонымен қатар ол сабақтастық пен өз бастауларына деген адалдықтың символы. Турнир спортшылардың туған қаласының көшелерінен бастап халықаралық арена мен өз елінің намысы қорғайтын күрес жолының философиясын қамтиды. Мәселен, әлемдік деңгейге жету жолында көптеген қиындықтарды бастан өткерген және жас спортшыларды белсенді қолдайтын қазақстандық жауынгер Василий Тахтай осы идеяның жарқын мысалы болып табылады.

«Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі аталмыш спорт түрін дамытудың маңызды қадамы болған бұл турнирді «Дала Қырандары» спортты қолдау қоры» ұлттық қорының қолдауымен ұйымдастырды.

«Дала Қырандары» спортты қолдау қоры» турнирлерді ұйымдастыруға жүйелі түрде қатысуға және Қазақстанда жекпе-жек өнерін дамытуға қолдау көрсетуге дайын. Бұл стратегиялық серіктестің пайда болуы еліміздің халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайтып, спорттық бастамаларға тұрақты қолдау көрсетеді.

Турнирді «ММА аралас жекпе-жектің Қазақстан біріккен федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Дала Қырандары» спортты қолдау» ұлттық қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Спорт шарасына Қазақстанды қоса алғанда, АҚШ, Бразилия, Мысыр, Иран және тағы басқа елдерден келген 24 жауынгер қатысты.

Сондай-ақ, турнирдің басты фавориті саналған Василий Тахтай америкалық қарсыласы Вилл Хопеге мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіп, DFC титулын жеңіп алды.