05.11.2024, 13:20

11 жасар қазақстандық Венгриядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Ол U13 жас санатында бақ сынады.

11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді. Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберді.