$ 494.87  520.65  4.91

«Челсидің» бұрынғы футболшысы қазақстандық клубтың бапкері атанды - БАҚ

Бұл клуб тарихында болмаған жағдай.

Фото: meta-ratings.kz
Фото: meta-ratings.kz

Чехиялық маман әрі бұрынғы футболшы Иржи Ярошик қарағандылық "Шахтер" клубының бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Metaratings.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 5 қарашада 47 жастағы Ярошик "Шахтердің" жаңа бапкері ретінде таныстырылған. Ол "Спарта" (Прага), ресейлік ЦСКА және лондондық "Челси" командаларында ойнады.

Ал жаттықтырушы ретінде "Спарта", "Слован", "Теплица" және ресейлік "Орынборда" жұмыс істеген. Осыған дейін "Шахтердің" жаңа атқарушы директоры болып кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат Талғат Дүйсеков тағайындалған еді. Спорт менеджментінде тәжірибесі бар маман 2022-2023 жылдары Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына кіретін Асық ату федерациясын басқарған.

Айта кетейік, "Шахтер" биылғы Қазақстан чемпионатында соңғы орын алып, Бірінші лигаға төмендеді. Бұл клуб тарихында болмаған жағдай. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев клуб басшылығын сынға алып, команданы қазіргі дағдарыстан алып шығудың жолын табуды тапсырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары