06.11.2024, 14:00

Жания Бекмұхамбетова Венгрияда теннистен алтын медаль иеленді

Фото: ҰОК

Ол бірден екі жүлдеге қол жеткізді.

Жания Бекмұхамбетова Венгрияда өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTT Youth Contender үстел теннисі турнирінде топ жарып, екі жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынға ие болса, кеше отандасымыз 11 жасқа дейінгі жас санатында бас жүлде қанжығалады.

Турнирде Жания Бекмұхамбетова Венгрия, Испания, Украина, Испания, Румыния елдерінің спортшыларын жеңді.