Соңғы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен спорттық, жауынгерлік самбо және самбодан зағиптар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Соңғы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды.
Алтын - Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 кг); Күміс - Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 кг); Күміс - Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо, 79 кг); Күміс - Серікбай Негмет (спорттық самбо, 71 кг); Қола - Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 кг); Қола - Асқар Қайыров (зағиптарға арналған санат, 98 кг).Жалпы қорытынды есепте медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.
1-орын. Бейтарап ел (FIAS-1) - 16 алтын, бес күміс, бес қола 2-орын. Қазақстан - үш алтын, бес күміс, тоғыз қола 3-орын. Бейтарап ел (FIAS-2) - үш алтын, екі күміс, төрт қолаБұған дейін біздің спортшылар 2014 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында жалпы есепте осындай жоғары екінші орынға ие болған.