$ 494.87  520.65  4.91

17 жастағы қазақстандық Венгриядағы турнирде үздік шықты

Отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді.

 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев Венгрияда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алдыОтандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді. Алан болгариялық Стефан Димитровты (3:0), Люксембургтан барған Маэль Ван Дессельді (3:0), тайбэйлік Тай По-Чунды (3:2), румыниялық Драгоша Бужорды (3:0), словакиялық Михаил Ловгуды (3:2), швед спортшысы Исаак Альфредссонды (3:0) және корейлік Ли Чон Мокты (3:0) жеңді. Финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Алан осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары