12.11.2024, 02:30

Қазақстандық спортшы қыз жауынгерлік самбодан әлем чемпионы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетейік, әлем біріншілігіне 80 елден 470 спортшы қатысты.

Қазақстандық спортшы Астанада жауынгерлік самбодан өткен әлем чемпионатында алтынан алқа тақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан жерінде самбо спортынан екінші рет ұйымдастырылған әлем чемпионатында Нұрила Асанқызы әлем чемпионы атанды. Отандасымыз  ересектер арасындағы әлем чемпионатының бағдарламасына  алғаш рет енгізілген жауынгерлік самбодан әйелдер арасында топ жарды. Аса ауыр салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Агажановамен жұыдырқтасып, 7:4 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, әлем біріншілігіне 80 елден 470 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орынға жайғасып, 10 жыл бұрынғы жетістігін қайталады.