Айқас нәтижесі ресми тіркеліп, Тайсон кәсіпқой карерасында жетінше рет жеңілсе, Пол 11-рет жеңіске жетті.
Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон (50-6-0,44КО) бүгін шаршы алаңға қайта оралып, өзінен 31 жас кіші америкалық танымал блогер Джейк Полмен (10-1-0,7КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алғашқы раундта, 58 жасар Тайсон ширақ қимылдап, жақсы соққылар жасады. Алайда, екінші раундтан бастап жылдамдық пен күш жағынан өзінен әлдеқайда жас қарсыласына есе жіберіп қойды.
Джейк Пол айқастың тізгінін өзі ұстап, Тайсонды нокаутқа жіберуге тырыспады.
Қортындысында, жекпе-жек 2 минуттан 8 раундтқа созылып, аңыз боксшы төрешілер шешімімен (79-73,79-73,80-72) жеңіліс тапты.