18.11.2024, 01:10

«Черчесовтың шәкірттері үмітті ақтамады»: Қазақстан құрамасы Норвегиядан ойсырай ұтылды

Фото: sports.kz

Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалып, В дивизионынан С дивизионына түсіп қалды.

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчында ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионындағы соңғы ойнын сырт алаңда Норвегияға қарсы өткізіп, тағы да гол соға алмай ұтылды. Ослодағы “Уллевол стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 5 гол соғылып, ойсырай ұтылды. Норвегиялық футболшылардың ішінде Эрлинг Холанн хет-трик жасаса, Александер Серлет пен Антонио Нуса бір-бір голдан соқты. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан бесінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, тек бір ғана ұпайға ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалып, В дивизионынан С дивизионына түсіп қалды.