18.11.2024, 13:00

«Ешқашан жеңбейді»: Қуат Хамитов футболшыларымыздың ойсырай ұтылғаны туралы пікір білдірді

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы маусымындағы соңғы ойынында Норвегиядан 0:5 есебімен ойсырай жеңілген еді.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан ұлттық құраманың УЕФА Ұлттар лигасы матчындағы ірі жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы маусымындағы соңғы ойынында Норвегиядан 0:5 есебімен ойсырай жеңілген еді. Осы маусымда қазақстандық футболшылар бес ойында жеңіліске ұшырап, бір матчта қарсыласпен тең түсті. Танымал файтер Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

"Біз оларға халықтың ақшасынан айлық төлеуге әрі қарай да жол берсек, олар ешқашан жеңбейді!", - деп пікір қалдырды Хамитов Sports.kz сайтының Instagram-дағы жазбасына.

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегияға қарсы ойындағы жеңіліс туралы айтқан еді. Сондай-ақ ол команданың нәтижесін жақсарту үшін қандай өзгерістер қажет екенін атап өтті.