18.11.2024, 13:20

Әкесі балалар үшін көлігін сатқан: Алты жасар қазақ қызы әлем чемпионы болды

Фото: Самат Құнаевтың жеке мұрағатынан

Абу-Дабидегі турнирде қызы Хадиямен қоса, бапкердің жаттығуларына қатысып жүрген шәкірттері – 8 жасар Сирин әлем чемпионы атанса, 13 жасар Сальсабиль үшінші орыннан көрінді.

Екібастұздық алты жасар Хадия Құнаева джиу-джитсудан Әбу-Дабиде өткен халықаралық додада KIDS 2 санатында мерейі үстем болып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Чемпион қызды әкесі жаттықтырады. Сондай-ақ, Хадияның әкесі тағы бес баланы спортқа баулиды.

Самат Нұртайұлы бүгінде балаларды джиу-джитсуге баулып жүр. Өз балаларынан бөлек, Екібастұз бойынша 100-дей бала оның тәлімін алуда. Абу-Дабидегі турнирде қызы Хадиямен қоса, бапкердің жаттығуларына қатысып жүрген шәкірттері – 8 жасар Сирин әлем чемпионы атанса, 13 жасар Сальсабиль үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бұл турнирге балаларды апарып қатыстыру үшін Самат Құнаев өзінің жеке автокөлігін сатып жіберген. Ақшаның көп бөлігі ұшақпен ұшуға, жатар орынға кеткенін айтады.