19.11.2024, 18:20

Майк Тайсонды 62 жастағы боксшы үшінші жекпе-жекке шақырды

Фото: Michael Tullberg/Getty Images

Еске салайық, Майк Тайсон 16 қарашада 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізген еді.

Әйгілі америкалық боксшы Эвандер Холифилд бұрынғы қарсыласы Майк Тайсонды үшінші рет жекпе-жекке шығуға шақырды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қос аңыз боксшының алғашқы жекпе-жегі 1996 жылы жазда болған еді. Бұл бәсекеде Холифилд жеңіске жетті. Келесі жылы олар шаршы алаңда тағы кездескен. Осы жекпе-жекте Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алып, дисквалификацияға ұшырап, жеңіліп қалды.

62 жастағы Холифилд Instagram-дағы ресми парақшасында 58 жастағы Тайсонды трилогияға шақырып, "жанкүйерлер осыны қалайды", - деп жазды. Бұған Майк Тайсон "Сені жақсы көремін, бауырым. Бірақ трилогия – ол біздің достығымыз", - деп жауап қайтарды.

Еске салайық, Майк Тайсон 16 қарашада 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізген еді. Ол Арлингтондағы (АҚШ) бокс кешінде видеоблогер Джейк Полға есе жіберді. Кейін екі боксшы жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды.