Танымал прмоутер болжам жасады.
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы, Дмитрий Биволдың промоутері Эдди Хирн боксшының жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиевпен реванш өткізудің болжамды мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирннің айтуынша, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек 2025 жылдың 22 ақпанында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтуі мүмкін.
Сондай-ақ Эдди Хирн қос боксшы арасындағы реваншты көргісі келетінін мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы алғашқы кездесудің өте тартысты әрі тең дәрежеде өткендігімен түсіндірді.