Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Құламбаева – Хатука 5 брейкпен көзге түсті.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші беларусьтік Юлия Хатукамен бірге жартылай финалда испаниялық Андреа Лазаро Гарсия — франциялық Ясмин Мансуримен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-беларусьтық жұп 7:5 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте қос брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:2.
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Құламбаева – Хатука 5 брейкпен көзге түсті. Испаниялық-франциялық дуэт 2 брейктен аса алмады.
Жібек Құламбаева – Юлия Хатуканың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.