23.11.2024, 18:30

«Черчесовты қуар едім»: Қазақстандық футболшы Ұлттық құраманың ойынын сынап тастады

Фото: коллаж Sn.kz

Ұлттық құрамада не болып жатқанын түсінбедім...

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Станислав Черчесов бастаған ұлттық құраманың ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресейлік маманның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы алты кездесу өткізіп, бір рет тең түсіп, бесеуінде жалпы 0:15 есебімен жеңілген еді.

«Егер менде мүмкіндік болса, мен бірінші болып Черчесовты қуар едім. Не үшін десеңіз, ұлттық құрамада не болып жатқанына, әсіресе команданың қалай ойнайтынына қарасаң-ақ жауабы белгілі», дейді ол.

Еске сала кетейік, Черчесов ұлттық құраманың бапкері ретінде осы жазда қызметіне кіріскен. Ресейлік маманның жаттықтыруымен команда Ұлттар лигасының В3 лигасында соңғы орынды иеленіп, турнирде төмен сырғып, С дивизионына өтті.