Отандасымыз қысқа және еркін бағдарлама қорытынды бойынша 276,17 ұпай жинады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Чунцинде (Қытай) өткен Гран-при кезеңінде екінші орын иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Михаил еркін бағдарламада үш айналым аксель және төрт айналым тулупты қатар секіріп, мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элементті орындады. Ол – бұл каскадты секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.
1. Шун Сато (Жапония) – 278.48 ұпай 2. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 276,17 3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 252.53
Айта кетейік, былтыр Михаил Шайдоров осы жарыстың қола жүлдегері атанған. Биыл турнирге 15 елден 60 спортшы қатысты.