25.11.2024, 18:40

«Хиджаб киюі шарт емес»: Нұрбек Оралбай болашақ жарын қалай елестететінін айтты

Фото: видеодан кадр

Бірақ мені тыңдайтын, менің ата-анама өз ата-анасы секілді қарай алатын қыз керек.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай «The DS’ Show» бағдарламасында өзінің арманындағы арудың қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Боксшы әзірге жеке өмірінде жаңалық жоқ екенін айтты. Дегенмен қалауындағы қыз жолығып қалса, қарап қалмайтынын да айта кетті. 

«Ақылды, иманды қыз болуы керек. Иманды дегенде міндетті түрде хиджаб киюі шарт емес. Бірақ мені тыңдайтын, менің ата-анама өз ата-анасы секілді қарай алатын қыз керек. Көреміз, бұйырған бір қыз бар ғой», - деді Нұрбек Оралбай.