26.11.2024, 00:30

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Еуропа кубогында топ жарды

Фото: ҰОК

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтын медаль алғандар:

Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі); Расул Мұқым (-81 келі).

Күміс медаль алғандар:

Әсел Русланова (-48 келі), Даниял Сейілхан (-50 келі), Алтынбек Қонысбай (-60 келі).

Қола медаль алғандар:

Нұрдос Досберген (-60 келі), Марғұлан Игілік (-60 келі), Әділжан Жаудинов (+90 келі).

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.