$ 520.27  537.65  5.24

Абиба Әбужақыноваға тағы да ақшалай марапат беріледі

Дзюдошы ай сайын арнайы стипендия алып отыратын болды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Дзюдодан әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова Париждегі жеңілісінен кейін тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ASSYLTAS қоры кезекті рет спортшыларға беретін стипендия иегерлерінің қатарына Абибаны қосып отыр. Бұл туралы аталған қордың ресми өкілі Рауан Оқас мәлімдеді.

"ASSYLTAS стипендиясы кімге бұйырады? Алты номинант белгілі. Елдос Сметов пен Ризабек Айтмұхан бұл тізімде жоқ. Өйткені бұған дейін стипендия иегері болған. Әбиба қарындасымызға уәде еткеніміздей еш конкурссыз стипендия береміз. Алтылықтың ішінде дауысыңызды кімге берер едіңіз?", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары