Кандидаттардың саны екеуге дейін қысқарды.
Үміткерлер қатарында Әлихан Смайлов та бар, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейресми дереккөздерде Қазақстан футбол федерациясының президенті болатын екі тұлғаның есімі ерекше аталады.
20 желтоқсан жақындап келеді. Сол күні Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланады. Әртүрлі дереккөзге сүйенсек, кандидаттардың саны екеуге дейін қысқарды. Оның біреуі бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайылов болса, екіншісі – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров. Соңғысы ҚФФ мүшесі ретінде өз кандидатурасын ұсынған. Егер аса қатты өзгеріс болмаса, екеуінің біреуі Қазақстан футбол федерациясының жаңа преизденті болады, – делінген "Серый Cardinal" Telegram-каналының хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін ҚФФ президентігіне үміткер бірнеше лауазымды тұлғаның бар екені айтылды. Олардың қатарында Әділбек Жақсыбеков, Ермек Маржықбаевтар болды. Кейіннен тіпті Президенттің кеңесшісі Руслан Желдібайдың да есімі аталды. Қайткен күнде де, жаңа басшының кім екені 20 желтоқсанда нақты белгілі болмақ.