54 келі салмаққа қайта оралған Махмұд Сабырхан тайпейлік Лай Ян Линмен жұдырықтасады.
Бокстан Чиангмейдегі Азия чемпионаты жалғасады. Бүгін 3 боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz-ке сілтеме жасап.
54 келі салмаққа қайта оралған Махмұд Сабырхан тайпейлік Лай Ян Линмен жұдырықтасады. Қыздар арасында 63 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбек қызы Дильфуза Бековамен кездеседі.
66 келіге дейінгі салмақта Милана Сафронова да алғашқы жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы – тайпейлік Ли Мин.
Жарыс Астана уақытымен 12:00-де басталады. Жекпе-жектерді ASBC YouTube арнасынан көруге болады.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болып бекітілген. Жүлдегерлерден бөлек, ширек финалға шыққан боксшылар да сыйақыдан құр қалмайды. Оларға 1 000 доллардан беріледі.
????– 8 000 АҚШ доллары
????– 4 000 АҚШ доллары
????– 2 000 АҚШ доллары
Бұған дейін Дулат Бекбауов (67 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Ал Алуа Балқыбекова (50 келі) сырқаттанып, шаршы алаңға шыға алмады.