Турнирдегі ең жоғары гонорарлар кештің басты жекпе-жегіне қатысушыларға тиесілі.
Sportal Mag порталы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 8 желтоқсан күні өтетін UFC 310 турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысушылардың гонорарлары туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жегі үшін 350 мың доллар кепілді табыс табады. Жеңіске жеткен жағдайда оның сыйақысы қосымша 100 мың долларға артады. Ал Иэн Гэрри жекпе-жекке қатысқаны үшін 150 мың доллар алады, ал жеңіске жетсе, тағы 100 мың доллар сыйақыға ие болады.
Турнирдегі ең жоғары гонорарлар кештің басты жекпе-жегіне қатысушыларға тиесілі. Бразилиялық Алешандре Пантожа 750 мың доллар табыс тапса, оның қарсыласы, жапондық Кай Асакура, 500 мың доллар алады.