Бұл теңгеге шаққанда шамамен – 4,1 млрд теңге.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан 15 әйел спортшының қатарына кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sportico порталына сілтеме жасап.
Елена Рыбакина Sportico порталының рейтингінде 14-орынға жайғасты. Ол биыл 7,9 миллион доллар (3,9 млн доллары сыйақы және 4 миллион доллары демеушілер есебінен) табыс тапқан. Бұл теңгеге шаққанда шамамен – 4,1 млрд теңге.
2024 жылдың қорытындысы бойынша топ-15 ең бай әйел спортшылар:
1. Кори Гауфф (АҚШ) — 30,4 млн доллар;
2. Эйлин Гу (АҚШ) – 22,1 млн доллар;
3. Ига Швентек (Польша) — 21,4 млн доллар;
4. Чжэн Циньвэнь (Қытай) — 20,6 млн доллар;
5. Арина Соболенко (Беларусь) — 17,7 млн доллар;
6. Наоми Осака (Жапония) — 15,9 млн доллар;
7. Эмма Радукану (Ұлыбритания) — 14,7 млн доллар;
8. Нелли Корда (АҚШ) – 14,4 млн доллар;
9. Симона Байлз (АҚШ) – 11,1 млн доллар; 10. Кэйтлин Кларк (АҚШ) – 11,1 млн доллар;
11. Жасмин Паолини (Италия) — 10 млн доллар;
12. Джино Титикул (Таиланд) – 9,1 млн доллар;
13. Джессика Пегула (АҚШ) — 8,2 млн доллар;
14. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 7,9 млн доллар;
15. Лидия Ко (Жаңа Зеландия) – 6,7 млн доллар.