Бүгін, 5 желтоқсанда Қазақстан әйелдер құрамасынан тағы екі боксшы жарыс жолына шығады.
Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазира Орақбаева 52 кг салмақ дәрежесіндегі ширек финалда тайбэйлік Луо Ю-Тинмен кездесті. Бұл жекпе-жекте Орақбаева қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға түсірді. Кейін төреші кездесуді тоқтатып, жеңіс қазақ боксшысының еншісіне жазылды.
2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Жазира Орақбаева келесі жекпе-жегін 7 желтоқсанда өзбекстандық Феруза Казаковаға қарсы өткізеді. Бүгін, 5 желтоқсанда Қазақстан әйелдер құрамасынан тағы екі боксшы жарыс жолына шығады. Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанмен және Виктория Графеева тайбэйлік Е Чен-Сюаньмен жұдырықтасады.