Қазір қазақ тілін үйренуге уақыт аз.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ресейлік басылымға сұхбат беріп, қазақ тілінде сөйлеуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Егер сен өзге елде болсаң, ол өзге мәдениет. Ең болмаса негізгі тіркестерді білуің керек. Мен қай елде жұмыс жасасам да, оны жақсы білемін. Бұл қалыпты жағдай. Әрине қазақша лекция оқи алмайтыным анық. Дегенмен, қазақша «қалайсың» деп сұрай аламын. Қазір қазақ тілімен айналысуға уақыт аз. Алайда ойыншылар мен құрам қызметкерлері сөйлескен кезде, сөздердің мағынасын сұрап отырамын», — деді Станислав Черчесов.