Бүгін, 10 желтоқсанда тағы 3 қазақстандық боксшы финалда сынға түседі.
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
63 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Аида Әбікеева вьетнамдық Лин Ха Тхимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0). Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2024 жылғы Азия біріншілігіндегі екінші алтын медаль.
Осыған дейін Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньді жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Бүгін, 10 желтоқсанда тағы 3 қазақстандық боксшы финалда сынға түседі. Наталья Богданова таиландтық Байсон Маниконмен, Гүлсая Ержан украиналық Карине Айрапетянмен, ал Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен өзара мықтыны анықтайды.