11.12.2024, 13:20

Санжар Тәшкенбай – Азия Чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы өзбекстандық қарсыласына жол берді.

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы алтын медаль үшін қолғап түйістірсе, оның 7-еуі өзбекстандықтарға қарсы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыс жолын алғаш бастап, 48 келі салмақта сынға түскен Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевке есе жіберді.  Төрешілер бірінші раундты 4:1 есебімен өзбекстандық спортшыға берсе, екінші кезеңде дәл осы есеппен қазақ боксшысы басым болды деп бағалады.

Үшінші раунд қорытындысы да Меликузиевтің пайдасына шешілді.