$ 522.49  547.88  5.06

«Айналасындағылар жолатпайды»: Журналист Азия чемпионатына келген Головкин туралы айтты

Ол виптағы орынға жайғасып алып, бүкіл кездесуді басынан аяғына дейін көріп шықты.

Фото: kazhenov.aslan инстаграм парақшасынан
Фото: kazhenov.aslan инстаграм парақшасынан

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Геннадий Головкиннің Азия чемпонатына қатысып жатқан қазақ спортшыларына қолдауы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналист Головкиннің өмірде кішіпейіл екенін, алайда оның айналасындағылар жолатпайтынын мәлімдеді.

«Генаның қолдауы сезілді… Геннадий Головкин негізі нормални жігіт екен. Бұрын айналасында жүргендер жолатпайтын. Бүгін қасына жақын барып, аз-маз сөйлесудің сәті түсті. Байқағаным, өте қарапайым жігіт. Кішіпейіл. Барлық сұрақтарға жауап беріп, кәдімгідей сөйлесіп жатыр.

Гена Чанг Мей қаласына осы финалдық айқастардың алдында ғана келді. Демалып үлгерді ме, жоқ па, білімеймін, әйтеуір біздің қыздар рингке шығайын деп жатқанда залдан табылды. Барлығының назары сол жаққа ауысып, чемпионға лайық құрмет көрсетіліп жатыр. Ол виптағы орынға жайғасып алып, бүкіл кездесуді басынан аяғына дейін көріп шықты.

Шаршы алаңға шыққан бұрымды боксшылар да оның келгенін байқады. Қолдауын сезінді. Қай-қайсы да керемет жұдырықтасып, елдің үмітін ақтады. Жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты. Жарыстан кейін Гена ұлттық құрама қыздарымен кездесіп, жылы лебізін білдірді. Бірақ, тоқмейілсуге болмайды дейді. «Бұл — біздің ең төменгі көрсеткішіміз болу керек. Алда олимпиадалық цикл бар. Соған тыңғылықты дайындалып, қарқынды күшейте беру маңызды» — деп түйіндеді сөзін.

Қалай болғанда да боксшыларымыз жарады. Азияның үздігі екенін кезекті рет дәлдеді. Енді ертең ерлер бәсекесі. Олар да осы Генаның төрде отырғанын көріп, ерекше жігерленіп, бірер соң бірі жеңіс тұғырына көтеріледі деген үміттеміз. Тіпті, сенім де бар. Генаға рахмет! Спортшыларға сәттілік!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары