$ 522.49  547.88  5.06

«Екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз»: Бокстан бас бапкер Азия чемпионатына қатысты пікір білдірді

Бізде қосалқы құрам мықты.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатын қорытындылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Сәтжанов тек Санжар Тәшкенбай (48 кг) мен Абылайхан Жүсіповтің (71 кг) жекпе-жегіндегі төрешілер шешіміне келіспейтінін айтты.

"Біз тек екі салмақтағы нәтижеге келіспейміз: 48 және 71 кг. Басқа финалдық кездесулерде барлық жеңілістер әділ болды. Мен біздің кемшіліктерімізді байқадым. Алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар жаттығулар физикалық дайындық пен техниканы жақсартуға бағытталады. Менің ойымша, бәрі де сәтті болады. Жігіттердің әлеуеті мықты, мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ Нұрбек Оралбай мен бірнеше боксшы жарысқа қатыспады. Бізде қосалқы құрам мықты. Жас спортшыларды ұлттық құрамаға шақырамыз. Жақында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бірақ оған АЧ медалистері қатыспайды, өйткені дайындық үшін уақыт жоқ. Сондай-ақ, Таиландта жеңімпаз атанған, ел чемпионатында жеңіске жеткендер ұлттық құраманың бірінші нөмірі болып есептеледі",- деді Қайрат Сәтжанов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары