$ 520.27  537.65  5.24

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Қазақстандықа ауыр атлет қоссайыстың қорытындысымен 400 келі салмақты бағындырды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бахрейн астанасы – Манама қаласында қазақстандық Артем Антропов (102 келі) әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандықа ауыр атлет қоссайыстың қорытындысымен 400 келі салмақты бағындырды. 

1.Артем Антропов - 400 келі (170+230)

2.Фарес Эль-Бах- 399 келі (174+225)

3.Маркос Руиз Веласко - 395 келі (183+212)

Жаһандық додаға еліміздің атынан 15 қазақстандық зілтемірші барды. 

Жарыста ерлер құрамасында Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанса, Алексей Чуркин күміс жүлдегер болды.

Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары