$ 520.27  537.65  5.24

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Енді 1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жібек Құламбаева теннистен Үндістанның Солапур қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті. Жартылай финалға шығу үшін ол латвиялық Диана Марцинкевичпен кездесті. Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді 1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Португалиядағы ITF W35 турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары