Күміс медальды әзербайжан Дадаш Дадашбайлы (183+221), қоланы Мехди Карами (183+217) иеленді.
Бахрейн елінің астанасы Манамада өтіп жатқан әлем чемпионатында 109 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Өзбек Руслан Нурудинов жеңімпаз болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Екі жаттығу қорытындысы бойынша өзбек зілтеміршісі 424 келіні (182+242) еңсерді. Осылайша, серпе көтеруде жаңа рекорд орнатты. Күміс медальды әзербайжан Дадаш Дадашбайлы (183+221), қоланы Мехди Карами (183+217) иеленді.
Бұл салмақта Қазақстан атынан Андас Самарқанов жарыс жолына шыққан. Алайда арқасынан жарақат алып, жүлдеге таласты жалғастыра алмады.
Айта кетейік, Руслан Нурудинов Илья Ильиннің басты қарсыластарының бірі болды. Алматыдағы әлем чемпионаты кезіндегі екеуінің тартысы әлі де жанкүйерлер есінде.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 2 алтын, 1 күміс жүлдемен аяқтады. Өзбекстан 1 алтын, 1 қола еншіледі.