$ 520.27  537.65  5.24

Қуат Хамитов 10 миллион сыйақыға ие болды (ВИДЕО)

Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов 10 минут бойы жеңімпазды анықтай алмады.

Фото:  Nomad Wrestling
Фото: Nomad Wrestling

Белгілі ММА шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов Алматыда басталған жаңа Nomad Wrestling турнирінде кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sportnews.kz хабарлауынша, лиганың дебюттік турнирінде барлық жекпе-жек түрлерінің мықты балуандары жиналып, 10 миллион теңге көлеміндегі бас жүлде үшін таласатын болады.

Формат – екі раунд, әрқайсысы бес минуттан, ұпай есептелмейді. Егер жеңімпаз анықталмаса, нәтиже шыққанға дейін экстра-раунд өткізіледі.

Алғашқы кездесуде танымал ММА шеберлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов бақ сынады. Спортшылар 10 минут бойы жеңімпазды анықтай алмады. Нәтижесінде экстра-раунд басталып, Қуат тейкдаун жасап, кездесудің жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары