Қазақстандық спортшылар 19 медаль жеңіп алды, оның ішінде тоғыз алтын, үш күміс және жетеуі қола.
Индонезияда өтіп жатқан ММА бойынша әлем чемпионатында Қазақстан жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
10-14 желтоқсан аралығында Джакартада (Индонезия) өткен ММА бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды.
Қазақстандық спортшылар 19 медаль жеңіп алды, оның ішінде тоғыз алтын, үш күміс және жетеуі қола.
Әлем чемпионатын аралас жекпе-жек жаһандық қауымдастығы (GAMMA) ұйымдастырды және оған 66 елден 920 спортшы қатысты.
Алтын медаль иегерлері:
Ерназ Мұсабек (56,7 келіге дейін)
Мәжит Сардаров (74,9 келіге дейін)
Айдын Төлепбаев (79,4 келіге дейін)
Мансыр Шахгереев (93,0 келіге дейін)
Зейнеп Оразхан (72,6 келіге дейін)
Әмір Алқанов (56,7 келіге дейін)
Сайран Сағындықов (65,8 келіге дейін)
Мейрамбек Әубәкіров (74,9 келіге дейін)
Аида Қайрулина (72,6 келіге дейін).