16.12.2024, 18:30

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Еліміз үздік үштікке енді

Фото: Ауыр атлетика федерациясы

1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 7 алтын, 9 күміс, 8 қола медальға қол жеткізді.

Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделер саны жөнінен үздік үштік қатарына кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халықаралық додада жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды. Ал 102 келіде Артем Антропов араға 9 жыл салып топ жарды. Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.

1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 7 алтын, 9 күміс, 8 қола медальға қол жеткізді.