17.12.2024, 16:40

Атақты америкалық боксшы Рой Джонс Астанаға келді

Фото: instagram.com/sapiyevserik

Рой Джонс 20 желтоқсанда Астанада ресейлік Fight Nights промоушені аясында өтетін кәсіпқой бокс кештің қонағы ретінде қатысады. 

Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Рой Джонс Астанаға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Серік Сәпиев Instagram желісінде жариялады.

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөлімінде атақты боксшы Рой Джонстың Астанаға келгені туралы фото жариялады.

Рой Джонс 20 желтоқсанда Астанада ресейлік Fight Nights промоушені аясында өтетін кәсіпқой бокс кештің қонағы ретінде қатысады. 55 жастағы Рой Джонс кәсіпқой бокста 76 жекпе-жек өткізіп, 66 мәрте жеңіске жетсе, 10 мәрте жеңіліс тапқан. Сонымен қатар Рой Джонс 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген.

Сондай-ақ 20 желтоқсанда Астанада ресейлік Fight Nights промоушені аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде 31 жастағы қазақстандық Даулет Дәукенов (14-2, 6 KO) эквадорлық былғары қолғап шебері 34 жастағы Марлон Агуаспен (15-2, 9 KO) кездеседі.