18.12.2024, 10:20

Бүгін бокстан Қазақстан чемпионаты басталады

Фото: sports.kz

Күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 18:30-да басталады.

Бүгін, 18 желтоқсанда Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Чемпионатқа ұлттық құраманың көптеген көшбасшысы қатысады. Алайда ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР чемпионатына дайындалуға уақыттың болмауына байланысты республикалық турнирге қатыспайтынын айтты.

Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 18:30-да басталады.

Ел чемпионаты 24 желтоқсанда аяқталады.