18.12.2024, 14:00

Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры тағайындалды

Фото: kff.kz

2012-2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясында да қызмет еткен.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайсар Бекенов – 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019 жылдары аралығында және 2024 жылдың мамыр айынан бері "Астана" футбол клубында басшылық лауазымды болды. Бұған қоса, 2012-2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясында да қызмет еткен.  Оның басшылығымен "Астана" бірнеше мәрте ел чемпионы атанып, Еуропа аренасында жарқын жетістіктерімен көзге түсті.