18.12.2024, 17:00

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсетеді

Фото: Беларусь 5

 Рыбакина Falcons командасының сапында өнер көрсетсе, ал Шевченко Eagles құрамына енді.

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін World Tennis League турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

19-22 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде World Tennis League атты ірі теннис турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан Елена Рыбакина мен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Рыбакина Falcons командасының сапында өнер көрсетсе, ал Шевченко Eagles құрамына енді.

Falcons: Андрей Рублев (Ресей), Денис Шаповалов (Канада), Елена Рыбакина (Қазақстан), Каролин Гарсия (Франция).

Eagles: Александр Шевченко (Қазақстан), Стефанос Циципас (Грекия), Ига Швентек (Польша), Паула Бадоса (Испания).