$ 515.97  537.8  5.25

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездесті. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 7:5 есебімен Жібек Құламбаева жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары