19.12.2024, 22:30

Самат Смақов бас жаттықтырушы болып тағайындалды

Фото: ФК "Ордабасы"

Бұған дейін "Жетісуды" Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырып келген еді. 

Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп ойынға қатысқан (76 матч) футболшы Самат Смақов "Жетісу" командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін "Жетісуды" Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырып келген еді. Ал Самат Смақов "Астананың" техникалық директоры болған. 

Аты аңызға айналған, Қазақстанның ең атақты футболшысы: 6 дүркін Чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және 4 дүркін Қазақстанның үздік футболшысы: 2004, 2007, 2008, 2009 жылдары. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы - 76 ойын. Жер жаннаты - Жетісуға қош келдіңіз дей отырып, Сізге сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз! - деп жазды команданың instagram-парақшасы.