Қазақстандық спортшы мансабының жаңа кезеңіне қадам басады.
Қазақстандық спортшы мансабының жаңа кезеңіне қадам басады. Нақтырақ айтсақ, Жүсіпов 2025 жылдың 10 қаңтарында Калифорнияда өтетін MMA-да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл американдық LFA 199 промоушеніндегі дебюттік жекпе-жек болады. Алаңда "Счастливчик" лақап атымен қазақстандық 30 жасар спортшы мен бразилиялық 35 жастағы Ари Фариас бақ сынасады. Қарсыластың рекорды: 14 жеңіс және төрт жеңіліc.
Ал, Жүсіпов 16 айқаста жеңіске жетіп, үшеуін жеңіліспен аяқтаған. Ол ресейлік Fight Nights Global промоушенінің жеңіл дивизионының экс-чемпионы.