Қазір ол орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас, барлығы одан қашады.
WBO, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы желіге бала кезіндегі фотосын жариялап, елді елең еткізді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Спортшы тіпті, мансабына қатысты мәлімдеме жасап, енді өзіне тағы екі чемпиондық белбеу керек екенін айтты.
Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында бала кездегі суретін жариялап, өзін үшінші жақтан сипаттап берді.
«Оған төрт чемпиондық белбеу керек, оның екеуі бар, енді тағы екеуін алу қажет. Қазір ол орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас, барлығы одан қашады, барлығы одан қорқады. Сіздер оны білесіздер, ол – орта салмақтың патшасы Жәнібек», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында.