Қазір заңгерлер Черчесовтің келісімшартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр.
Белгілі спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің телеграм арнасында Черчесовтың қызметтен кетуі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
“Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір заңгерлер Черчесовтің келісімшартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр”, - дейді ол.
Бұл ақпаратқа қатысты ызу-қызу талқы болып жатыр. Кей сайттар “шешім әлі қабылданған жоқ” дегенді айтуда.